«Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен кері байланысты нығайту бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
Ауылдық округ тұрғындарымен әкімдік аппаратының құзыретіне кіретін өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Азаматтардың өтініштері қаралып, мемлекеттік қызметтер көрсету және тұрғындарды толғандыратын мәселелерді шешу бойынша қажетті кеңестер беріледі.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын уақтылы қарауға, халықпен тұрақты диалог орнатуға және туындаған мәселелерді өз құзыреті шегінде шешу бойынша тиісті шаралар қабылдауға ерекше назар аударылады.
Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және ауылдық округ тұрғындарымен өзара іс-қимыл сапасын жақсарту мақсатында аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.









