1 / 3
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Ескелді ауданында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәдениет үйі мен аудандық кітапхана ұжымдары, сондай-ақ Алдабергенов ауылының тұрғындары белсенді қатысты.
Тазалық жұмыстары барысында Алдабергенов ауылындағы мәдениет үйінің аумағы ретке келтіріліп, қоқыстар жиналып, айналасы тазартылды.
Туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша аудан тұрғындарына алғысымызды білдіреміз! 💚









