Алдабергенов ауылдық округінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді
2026 жылғы 20 қарашада Алдабергенов ауылдық округі әкімшілігінің мәжіліс залында ауылдық округ тұрғындарына құқықтық кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында құқықтық кеңесші Мұканова Әсел тұрғындарды қабылдап, олардың көкейлерінде жүрген құқықтық мәселелері бойынша кеңес берді.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әрқайсысына жан-жақты әрі түсінікті жауап алды. Сонымен қатар, туындаған мәселелерді шешу жолдары мен алдағы уақытта қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігі түсіндірілді.
Аталған шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық ақпарат пен тегін заң көмегінің қолжетімділігін кеңейтуге, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық мәселелер бойынша қажетті кеңес алуына бағытталған.
Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық білімін жетілдіріп, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









