АЛДАБЕРГЕНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

    Алдабергенов ауылдық округінде қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізудің маңызы зор.

    Құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғамның тұрақтылығы мен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі.

    Негізгі профилактикалық бағыттар:

    • Қоғамдық тәртіпті сақтау – ауыл аумағында құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалау.

    • Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – отбасындағы жанжалдардың алдын алу және тұрғындарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

    • Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – жастар мен жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

    • Маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу – салауатты өмір салтын насихаттау.

    • Алаяқтықтан сақтандыру – интернет және телефон алаяқтықтары туралы тұрғындарға ескерту.

    • Жол қауіпсіздігін сақтау – жол қозғалысы ережелерін түсіндіру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – заңдылықты, адалдық пен әділдікті насихаттау.

    Құрметті ауыл тұрғындары!

    Құқықбұзушылықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарап, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуі қажет.

    Күдікті жағдайлар немесе құқықбұзушылық фактілері анықталған жағдайда тиісті құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.

    Қауіпсіз ауыл – ортақ жауапкершілік!

    Алдабергенов ауылдық округінің тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздігін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Ескелді ауданы Алдабергенов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары