1 / 2
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Бақытұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев табыстады.
Бұл марапат — Қанат Бақытұлының әділет органдарындағы көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби қызметіне берілген жоғары баға.
Алматы қаласы Әділет департаментінің ұжымы Қанат Бақытұлын мемлекеттік наградасымен құттықтап, зор денсаулық, отбасына амандық және жауапты қызметіне табыс тілейді!









