Meta University-де заңнамадағы жаңашылдықтарды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны, олардың маңызы және тәжірибеде қолданылу ерекшеліктері қарастырылды. Қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша пікір алмасты.
Дөңгелек үстел заңнамадағы өзгерістерді түсіндіруге және құқықтық мәселелер жөнінде өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.









