ТРАНСМАЙЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ

    Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы А. Хакимова «Ақжайық» телеарнасының облыстық радиосында «Трансмайлардың денсаулыққа зияны» тақырыбында сұхбат берді.

    Эфир барысында трансмайлардың адам денсаулығына кері әсері, оларды шамадан тыс тұтынудың ықтимал салдары және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы айтылды.

    Маман трансмайларды тұтынуды шектеудің және күнделікті тамақтану рационында пайдалы тағамдарға басымдық берудің маңыздылығын атап өтті.

    🥗 Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары