Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі облыс аумағында кұзыретінің шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін бақылау мен қадағалауды, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың және биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды реттеуді және іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Жаңалықтар
АшуБәйтерек ауданының басқарма мамандарымен жиын өткізілді
АшуТасқала аудандық басқарма мамандарымен жиын өткізілді
АшуБөрлі аудандық басқарма мамандарымен жиын өткізілді
АшуТРАНСМАЙЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ
АшуБатыс Қазақстан облысында Комитеттің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті
АшуСархат Бейсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Оқиғалар
Жұқпалы емес аурулардың алдын алу-денсаулықты сақтаудың маңызды жолы
Көкжөтелдің алдын алу туралы
Туберкулездің алдын алу туралы
Семинарға шақыру
Жағажайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Сұрақ-жауап
Балабақшада төсек жабындары қай уақытта ауыстырылады?
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жиынтығының болуы көзделеді және төсек-орынды, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізілуі тиіс.
Сабақ өту кезінде оқу кабинетін желдетуге рұқсат беріледі ме?
"Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының 52 тармағына сәйкес, оқу үй-жайларын үзілістер кезінде, рекреациялық үй-жайларды сабақ уақытында желдетеді. Сабақ басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін оқу үй-жайларында өтпелі желдету жүзеге асырылады. Өтпелі немесе бұрыштан желдетуді білім алушылар мен тәрбиеленушілер болмаған кезде жүргізеді.
Мектептерде күнделікті тамақтану ас мәзірімен қалай танысуға болады?
"Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы №16 бұйрығының 66 тармағына сәйкес, білім беру ұйымының басшысы денсаулық сақтау органы бекіткен перспективалы мәзірге сәйкес күн сайын тарату-мәзірін және алдағы күнге арналған мәзірді бекітеді, мәзір асханада және оқушылардың заңды өкілдері үшін қолжетімді жерде, сондай-ақ білім беру ұйымының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Бракераж комиссиясымен мониторингті жүзеге асыру тәртібі
Балалардың тамақтану сапасының мониторингісі жөніндегі Комиссия (бракеражды комиссия) білім беру ұйымдарында тамақ өнімдерін дайындау және өткізу кезінде сапалы, теңгерімді тамақтануды, жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын ұйымдастыруға, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына мониторингті жүзеге асырады. Комиссияның міндеттері: - ас блогында жұмыстың ұйымдастырылуын, тамақ өнімдерінің сапасын, оны тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау жағдайларын бақылау; - тамақ өнімдерін дайындау технологиясының сақталуын және оны өткізу мерзімдерін бақылау; - ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау; - тамақтану сапасын мониторингілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобына тамақтануды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау. Комиссия төрағасы білім беру ұйымының басшысы болып табылады. Комиссия құрамы міндетті түрде медицина қызметкерін, білім беру объектісі әкімшілігі мүшелерін, ас блогындағы өндіріс меңгерушісін немесе қызмет көрсетушіні, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес өкілдерін қоса отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия қызметінің алгоритмі: күнделікті медицина қызметкері немесе жауапты тұлға журналға жазбалар енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді; Комиссия апта сайын пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына, күнделікті мәзірдің перспективті мәзірге сәйкестілігіне мониторингті жүзеге асырады; Комиссия жұмысының қорытындылары тоқсан сайын білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қаралып, оның интернет-ресурсінде ақпарат түрінде орналастырыла отырып, рәсімделеді.
Балабақшада сыртқы киімге арналған шкафтар әр балаға жеке қарастырылған ба?
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 83 тармағына сай топтардағы киім шешетін бөлмелер сыртқы киімге арналған шкафтармен және орындықтармен жабдықталады. Балалардың киіміне арналған шкафтарды жеке таңбалайды және бас киімге арналған сөрелермен және сыртқы киімге арналған ілмектермен жабдықталады.
Оқу үрдісі барысында қоңырау уақытына қандай талаптар белгіленген?
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының 75 тармағына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде 5 минут, үлкен үзіліс (2-ші немесе 3-ші сабақтан кейін) 30 минутты құрайды. Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы 15 минуттан екі үзіліс жасауға жол беріледі. Үзілістерді таза ауаны барынша көп пайдаланып, қозғалыс ойындарымен өткізеді. Ауысымдар арасында ылғалды жинау және желдету үшін ұзақтығы кемінде 40 минут үзіліс көзделеді.