Тасқала аудандық басқарма мамандарымен жиын өткізілді

    1 / 2

    БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Сариеваның төрағалығымен және департаменттің бас маманы С.Күпешеваның қатысуымен Шыңғырлау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен жиын өткізілді.

    Жиын барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариева мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп қағидаларын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Сонымен қатар, департаменттің бас маманы С.Күпешева Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптары, нормативтік құқықтық актілердегі жаңашылдықтар және оларды тәжірибеде қолдану тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Жиын барысында басқарма мамандарын жеке қабылдап қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары