Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
✔️ Сапар аясында Комитет төрағасы Жаңақала обаға қарсы күрес бөлімшесінің қызметімен танысып, бөлімшенің негізгі жұмыс бағыттары, аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарын зерттеу, эпизоотологиялық мониторинг жүргізу, зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру барысымен танысты.
☝️ Сонымен қатар, бөлімшенің материалдық-техникалық базасы мен зертханалық инфрақұрылымының жай-күйіне назар аударылды. Бұл бағыттар обаға қарсы қызметтің жұмыс тиімділігін арттыру және оның жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын қамтамасыз ету үшін маңызды.
🤝 Екі күнге жоспарланған жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасарымен кездесу, Комитеттің кеңейтілген көшпелі кеңесін өткізу және өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет нысандарын аралау көзделген.
✅ Жұмыс сапарының мақсаты – өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысымен танысу, өзекті мәселелерді талқылау және қызмет тиімділігін арттыру бағыттарын айқындау.
Сархат Бейсенова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
1 / 4
Ұқсас материалдар

Маңғыстау өңірі Еуропа елдерімен инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасыАшу
Сараптамалық пікірталас анонсы: «Қуаң өңірлерде су ресурстарын тұрақты басқарудың ғылыми тәсілдері»
«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігіАшу
Сіз сұрадыңыз – Біз жауап береміз
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіАшу
Еңбек қатынастары және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіАшу
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК БАҚЫЛАУДА
Жезқазған қаласының әкімдігіАшу
"Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары

ТРАНСМАЙЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Батыс Қазақстан облысында Комитеттің көшпелі кеңейтілген отырысы өтті
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Теміртапшылығы анемиясының алдын алу
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Йод тапшылығы жағдайларының алдын алу
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Туберкулездің алдын алу
Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу