БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариеваның төрағалығымен және департаменттің бас маманы С.Купешеваның қатысуымен Бәйтерек ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сариева мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп қағидаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, департаменттің бас маманы С.Купешева Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама талаптары, нормативтік құқықтық актілердегі жаңалықтар және оларды тәжірибеде қолдану тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кеңес барысында басқарма мамандары өздерін толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









