Мектептерде күнделікті тамақтану ас мәзірімен қалай танысуға болады?
"Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы №16 бұйрығының 66 тармағына сәйкес, білім беру ұйымының басшысы денсаулық сақтау органы бекіткен перспективалы мәзірге сәйкес күн сайын тарату-мәзірін және алдағы күнге арналған мәзірді бекітеді, мәзір асханада және оқушылардың заңды өкілдері үшін қолжетімді жерде, сондай-ақ білім беру ұйымының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.