Құрылтай делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты

    1 / 12

    29 қазан, Душанбе.Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған делегация Душанбеде өткен Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты.

    «Орталық Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу жолындағы бірлік» тақырыбына арналған жиындаҚазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан парламенттерінің өкілдерібас қосты.

    Спикержиын қатысушыларына арнағансөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы баяндады. Ол жаңа Конституцияның қабылданғанына назар аударып, «Заң жәнеТәртіп» қағидатына, бірлік пен келісімге негізделгенӘділетті,Прогрессивті және Қуатты Қазақстанды құрудың негізгі бағыттарын таныстырды. Соңғы жеті жылда Мемлекет басшысының реформаларының нәтижесінде ел экономикасы 30 пайызға өсіп, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 15 мың доллардан асты.

    Сондай-ақ Президенттің кешегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауының маңыздылығын тілге тиек етті. Аталған құжаттаеліміздің түрлі салаларында ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу міндеті қойылған. Бұл бастамалар елді жаңғыртып, қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Атап айтқанда, жаңа жолдар, әуежайлар, вокзалдар мен ауруханалар салу, ауыл шаруашылығы, көлік және су пайдалану салаларын цифрландыру, энергетика секторын түбегейлі жаңғырту көзделген.

    Құрылтай Төрағасы атап өткендей, Мемлекет басшысының бұл бастамалары Қазақстанның дамуына тың серпін беріп қана қоймай, бүкіл Орталық Азия өңірінде экономикалық өсімге және ынтымақтастықты нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

    КездесудеАйбек Дәдебай бұлфорумөңірлік парламенттік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты. Оның пайымдауынша,халықаралық жиынаймақтық тұрақтылықты нығайтуға, Орталық Азияны орнықты бейбітшілік пен ортақ даму кеңістігіне айналдыруға бағытталған.

    – Бүгінде біз өңірлік, су және экологиялық қауіпсіздік, экономикалық интеграцияны тереңдету мәселелерін талқылап отырмыз.Айтылғандардыңбарлығы Орталық Азия өңірінің тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Қазіргі сын-қатерлерге тек парламенттеріміздің күш-жігерін біріктіріп, заң шығару жұмысын үйлестіріп, ортақ ұстанымдар қалыптастыру арқылы жауап беруіміз керек деп есептеймін. Парламенттік дипломатия нақты нәтижеге бағытталуға тиіс,– деді ҚұрылтайТөрағасы.

    Сонымен қатар олмемлекет басшыларының бастамасымен XXI ғасырда Орталық Азияны дамытуға бағытталғандостық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау процесі басталғанын айтты. Бұдан бөлек, Парламентаралық форум, Орталық Азия мен Әзербайжан елдері әйел көшбасшыларының диалогы,өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастық диалогы сияқты алаңдар сәтті жұмыс істеп жатқанынбаяндады.

    Талқылау барысында Қазақстан делегациясы өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрақты дамуды қолдауға бағытталған парламенттердің практикалық рөлін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныс білдірді.

    Атап айтқанда, Орталық Азияның ядролық қарудан азат аймақ мәртебесін сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру бастамасының өзектілігі атап өтілді.

    Бұдан бөлек, көші-қонды бақылау мәселесі сөз болып, Қазақстанның осы бағыттағы заңнаманы үнемі жетілдіріп келе жатқаны және өз тәжірибесін өңірдегі басқа елдермен бөлісуге дайын екеніайтылды.

    Экономикалық және цифрлық интеграция аясында электрондық сауда, кеден жұмысын электронды түрде басқару, инвестиция, көлік және өнеркәсіптік кооперация салаларында заңнамалық тәжірибе алмасу ұсынылды. Бұл бағыттағы құқықтық кедергілерді жою іскерлік ортаны дамытуға жол ашады.Құрылтай Төрағасының пікірінше, мұндай бірлескен қадамдарҚазақстан Президентініңөңірішілік сауда көлемін 20 миллиард долларға жеткізу жөніндегі бастамасын жүзеге асыруға қажетті жағдай қалыптастырады.

    Форумның негізгі тақырыптарының бірі су және климат қауіпсіздігі болды. Құрылтай депутаттары әріптестерінің назарын Су пайдалану жөніндегі негіздемелік конвенцияны қабылдау жұмыстарын жеделдету қажеттігіне аударды.

    Сондай-ақ Арал мәселесіншешу бағытындағы бірлескен жұмысты күшейту мәселесі көтерілді. Осыған байланысты Қазақстан делегациясы су және климат мәселелері бойынша сарапшылар мен Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдерінұйыстыраотырып, тұрақты парламентаралық диалог орнатуды ұсынды.

    Экологиялық тақырыпты жалғастырған Айбек Дәдебай өңірлік міндеттерді шешуге қоғамның қатысуын қамтамасыз ететін тиімді құрал ретінде волонтерлік қозғалысты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол волонтерлік бастамаларды парламент деңгейінде қолдауды және жыл сайын Орталық Азияның экологиялық жауапкершілік апталығын өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

    Сонымен қатар Құрылтай Төрағасы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және өңір елдері арасындағы жаңа технологиялар бағытындағы байланыстарды нығайту перспективаларына тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан ұсынған Жасанды интеллект саласындағы Орталық Азия әріптестігі бағдарламасын әзірлеу бастамасын заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселесі сөз болды.

    Құрылтай Төрағасы Индустрия 4.0 саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту үшін өнеркәсіптік деректерді жинау бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Бұл ретте Қазақстанда әзірленіп жатқан Kazakhstan Physical AI Data Factory тұжырымдамасын негізге алу ұсынылды.

    Орталық Азия елдерінің күш біріктіруіPhysical AI технологияларына арналған өңірлік деректер хабын қалыптастыруға және жаңа технологиялық шешімдерді дамытуға мүмкіндік береді.

    Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша форумға қатысушылар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі ортақ ұстанымдарды бекіткен Душанбе декларациясын қабылдады.

    Сапар аясында Айбек Дәдебай Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлиси миллиінің Төрағасы Рустами Эмомалимен және Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі СенатыныңТөрағасы Танзила Нарбаеваменекіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздерде заң шығару тәжірибесімен алмасу жолдары талқыланды.

    Форум барысында Құрылтай депутаттары өңірлік қауіпсіздік, парламенттік дипломатия, экономикалық интеграция және экология мәселелері қаралатын панельдік сессияларға да белсене қатысты. Шара соңында делегация басшылары Тәжікстанның ұлттық батыры Исмоил Сомонидің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    Құрылтайдың баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары