Air Astana әуе компаниясы Airbus A321LR ұшақтарын жоғары жылдамдықты спутниктік Wi-Fi жүйесімен жабдықтауға кірісті. Жоба спутниктік байланыс қызметтерін ұсынатын халықаралық SES компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жабдықтарды орнату жұмыстарын әуе компаниясының өз техникалық базасында білікті мамандары жүргізуде.
Жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесімен жабдықталған алғашқы әуе кемесі EI-KGB тіркеу нөмірлі Airbus A321LR ұшағы болды. Бортында интернет қызметі қолжетімді алғашқы рейс бүгін, 2026 жылғы 29 қазанда Алматы – Ташкент бағыты бойынша орындалды.
Жоба Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
2027 жылғы 31 қаңтарға дейін жалғасатын промоакция кезеңінде барлық жолаушыларға интернетке тегін қосылу мүмкіндігі ұсынылады.
2027 жылғы 1 ақпаннан бастап бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club бағдарламасының Gold және Diamond мәртебесіне ие қатысушылары үшін Wi-Fi қызметі тегін қолжетімді болады. Nomad Club бағдарламасының барлық деңгейдегі қатысушылары ұшақ бортында мессенджерлерді тегін пайдалана алады, ал қалған жолаушылар ақылы интернет-пакеттерді сатып ала алады.
Airbus A321LR әуе кемелерін жоғары жылдамдықты Wi-Fi жүйесімен жабдықтау жұмыстары 2027 жыл бойы кезең-кезеңімен жалғасады.









