«Үздік авторлық бағдарлама - 2026» облыстық байқауы жеңімпаздарының тәжірибесін тарату

    1 / 11

    2026 жылғы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы күзгі каникул шараларын өткізу жоспарына сәйкес жалпы орта, арнайы, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Үздік авторлық бағдарлама - 2026» облыстық байқау жеңімпаздарының іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Авторлық вектор: инновациялық идеядан тиімді тәжірибеге дейін» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

    Шараға Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беретін мектептердің 80-нен астам педагогтері қатысты.

    Облыстық байқау жеңімпаздары шеберлік-сынып көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті:

    - Ансельм Татьяна Викторовна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 мектеп-лицейі», директордың орынбасары. Бағыты: білім берудегі менеджмент. Авторлық бағдарламаның тақырыбы:«Одаренность»;

    - Сайфутдинова Ирина Викторовна,.ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі. Бағыты: бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру. Авторлық бағдарламаның тақырыбы: «Легоконструирование»;

    - Акшабаева Индира Муратканкызы, ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ, педагог-психолог. Бағыты: психологиялық қызмет, әлеуметтік педагогика. Авторлық бағдарламаның тақырыбы: «Асық терапиясы: Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары»;

    -Әлімханқызы Индира, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ, тәрбие жетекшісі. Бағыты:тәрбие жұмысы сабақта және сабақтан тыс уақытта. Авторлық бағдарламаның тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар мен Абай тағылымы негізінде тұлғаның экологиялық мәдениетін жетілдіру»;

    -Белецкая Анна Викторовна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК, скрипка сыныбы бойынша оқытушысы. Бағыты: қосымша білім беру саласындағы педагогтер. Авторлық бағдарламаның тақырыбы:«Скрипка»;

    - Жумагельды Райхан Жумагельдыкызы, ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 9 орта мектебі» КММ, биология пәні мұғалімі. Бағыты: ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша (химия, биология, география, экология) пәндері. Авторлық бағдарламаның тақырыбы:«STEM білім берудегі жаңа формат: AR/VR, комикс және жасанды интеллект негізіндегі биология»;

    - Акыбаева Назигуль Ниязбековна, ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі»КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті). Авторлық бағдарламаның тақырыбы:«Оқу сауаттылығы»;

    -Болатов Арман Муратханович, ШҚО ББ Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің «Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы» КММ, тарих пәні мұғалімі. Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (ағылшын тілі, тарих, құқық негіздері, экономика). Авторлық бағдарламаның тақырыбы:«Ұлы даланың тарихи орындары» негізінде оқушылардың сана-сезімін қалыптастырудың әдістемелік жолдары»;

    - Манапова Альфия Сайлаубековна, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің "Привольное орта мектеп-балабақша -бөбекжай кешені" КММ, көркем еңбек пәні мұғалімі. Бағыты: эстетикалық пәндер бойынша (көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери). Авторлық бағдарламаның тақырыбы:«Мастерская бумажных чудес».

    Қатысушылар өз пікірлерінде семинардың өте тиімді өткенін және қажетті ақпараттар алынғанын және кәсіби өсу үшін мұндай тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушылар мен баяндамашыларға алғыстарын білдірді.

    Модератор: Кенжебаева Алма Тлеухановна, ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, баспа қызметі әдістемелік бөлімінің жетекшісі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары