Ағымдағы жылдың 22-27 қазан аралығында ШҚО ББ Örken Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Үздік дене шынықтыру педагогі- 2026» республикалық конкурстың облыстық кезеңін өткізді.
Аталған конкурс педагогтің кәсіби тәжірибесінің таныстырылымы көрсетілетін «КРЕАТИВТІ ПЕДАГОГ», бейтаныс сыныпта стандартты емес сабақ өткізу көзделген «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДЕНЕ ШЫНЫКТЫРУ САБАҒЫ» және спорттық-бұқаралық іс-шара ұсынылған «ҮЗДІК СПОРТТЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРА» турлары бойынша өтті.
Барлық үш турдың нәтижесі мен Конкурстық комиссияның шешімімен жеңімпаздар мен аталым иегерлері анықталды:
І орын - ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ мұғалімі Мукашев Бауржан Сергазынович.
ІІ орын - ШҚО ББ Тарбағатай ауданы бойынша ББ «Абай атындағы орта мектебі» КММ мұғалімі Қосын Қуат.
ІІІ орын - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша ББ «Камышинка жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені»КММ мұғалімі Зузин Максим Николаевич.
Сонымен қатар арнайы аталымдар: «Креативті педагог» аталымы Ұлан ауданы бойынша ББ «І. Айтықов атындағы орта мектеп- балабақша кешенінің» мұғалімі Кабдульдинов Ермек Сериковичке;
«Заманауи дене шынықтыру сабағы» аталымы Риддер қаласы «№12 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Жұмағалиев Әділ Сапарбекұлына;
«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» аталымы – Зайсан ауданы «М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ мұғалімі Әділхан Ризабекке берілді.
ШҚО ББ «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ дене шынықтыру мұғалімі Мукашев Бауржан Сергазынович 2026 жылдың 16-20 қараша аралығында өтетін республикалық кезеңіне облыс намысын қорғауға жолданды.









