Облыстық семинар «EDU DIALOG» - қала мен өңір арасындағы білім диалогы»

    1 / 7

    ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен «№50 жалпы білім беретін мектебі» КММ және Глубокое, Ұлан аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бірлесіп, 2026 жылдың 27 қазанында « EDU DIALOG» - қала мен өңір арасындағы білім диалогы» тақырыбында педагогтерге арналған семинар өткізілді.

    Семинардың мақсаты: қала мен өңір мектептері арасында тәжірибе алмасу, педагогикалық шығармашылық серіктестікті дамыту және цифрлық, педагогикалық технологияларды тарату.

    Семинарда психологиялық диалог зертханасы, интерактивті воркшоп-кейс, пікірталас, AI практикумы, bookcrossing алаңы, пәнаралық воркшоп, білім беру бағдарламасын жобалау, мәтінмен жұмыс зертханасы, зерттеу және тәжірибе лабораториясы, педагогикалық тәжірибе алмасу алаңдарында спикерлер өз тәжірибесімен бөлісті.

    Кері байланыс жасалып, қатысушылар сұрақтарына жауап алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары