🍂 «КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ХАНЗАДАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ 🍁
Ақсуат ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, аудандық мектепке дейінгі ұйымдардың 4–5 жастағы тәрбиеленушілері арасында «Күз ханшайымы мен ханзадасы» байқауы Екпін ауылының Мәдениет үйінде өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, өнерге деген қызығушылығын арттыру, табиғатты сүюге және оның әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, бүлдіршіндер өздерінің өнерлерін, шығармашылық қабілеттері мен сахналық шеберліктерін ортаға салды.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 БАС ЖҮЛДЕ – «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ жанындағы «Балбөбек» шағын орталығы.
🥇 І ОРЫН – «Балдырған» бөбекжайы.
🥈 ІІ ОРЫН – «Асыл» бөбекжайы мен «Әсем» бөбекжайы.
🥉 ІІІ ОРЫН – «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталық, «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталық, «Балбөбек» жекеменшік балабақшасы және «Асыл шәкірт» жекеменшік балабақшасы.
Қалған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Әр мекемеден келген кішкентай қатысушылардың сән үлгілерін ерекше талғаммен әзірлеп, әсем киімдермен көркемдеген ата-аналардың еңбегі зор екені айқын байқалды.
Ата-аналар байқаудың әр кезеңіне ерекше жауапкершілікпен қарап, бүлдіршіндерін жан-жақты дайындап әкелді. Балаларының өнерін шыңдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосқан үлестері үшін барша ата-аналарға ризашылығымызды білдіріп, еңбектерінің жемісін көрулеріне тілектеспіз!
Байқауды қорытындылаған білім бөлімінің әдіскері Қ. Рахимбаева қатысушылардың өнеріне жоғары баға беріп, іс-шараның сәтті өтуіне үлес қосқан ата-аналарға алғысын білдірді.
🎉 Жеңімпаз бүлдіршіндерімізді бүгінгі жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да өнерлеріңіз өрге жүзіп, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!
🍁 Кішкентай ханшайымдарымыз бен ханзадаларымыздың әрбір қадамы қуаныш пен жарқын жетістіктерге толы болсын!









