🏆 ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ
2026 жылғы 14 қазанда «С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-де химия және биология пәндері мұғалімдері арасында облыстық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – химия және биология пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, пәндік білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бағалау, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және облыстық кезеңге лайықты үміткерлерді іріктеу.
Аталған олимпиадаға аудан мектептерінен 21 мұғалім қатысып, өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Олимпиаданы информатика пәнінің әдіскері Е. Жанатов пен география пәнінің әдіскері М. Қажиакберова ұйымдастырып, өткізді.
🥇 Химия пәні бағыты бойынша жүлдегерлер:
🥇 І орын – «Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ-нің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргуль;
🥈 ІІ орын – «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ-нің химия пәні мұғалімі Сембаева Жанар;
🥉 ІІІ орын – «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің химия пәні мұғалімі Секенова Меруерт.
🌿 Биология пәні бағыты бойынша жүлдегерлер:
🥇 І орын – «Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ-нің биология пәні мұғалімі Абдрахманов Қуат;
🥈 ІІ орын – «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ-нің биология пәні мұғалімі Ыгиева Куралай;
🥉 ІІІ орын – «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің биология пәні мұғалімі Нургалиева Гүлнұр.
🔬 Химия және биология пәндері бағыты бойынша жүлдегерлер:
🥇 І орын – «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ-нің химия және биология пәндерінің мұғалімі Курмангожина Маржан;
🥈 ІІ орын – «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ-нің химия және биология пәндерінің мұғалімі Молдабекова Нургуль.
🎉 І орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды!
Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және кәсіби жетістіктер тілейміз! Облыстық кезеңде аудан намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!








