«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
2026 жылғы 19 қарашада Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ-де «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Н. Курмангалиева қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, бағалау комиссиясының мүшелерімен және фестиваль ережесімен таныстырды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестивальдің мақсаты – педагогтердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына және кәсіби өсуіне ынталандыру, облыс мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибелерін зерделеу және тарату.
Фестивальдің негізгі міндеттері:
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
Білім беру кеңістігін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату;
Заманауи инновациялық тәжірибелерді анықтау және тарату;
Заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату;
Педагог мамандығының оң имиджін қалыптастыру;
Орта білім беру жүйесін жаңғыртудың және тәжірибе алмасудың өзекті мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңдарын құру;
Жаңашыл мұғалімнің құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу.
ФЕСТИВАЛЬ ТӨМЕНДЕГІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ӨТКІЗІЛДІ:
1. «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»
Қатысушылар: білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың орынбасарлары және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аудандық әдіскерлер.
2. «Шеберлік палитрасы»
Қатысушылар: пән мұғалімдері.
Бағыттың негізгі салалары:
Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер (химия, биология, география, экология);
Физика-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика);
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, әдебиет, тарих, құқық);
Ағылшын тілінде оқытылатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер;
Қолданбалы цикл пәндері (көркем еңбек, дене шынықтыру, технология, алғашқы әскери және технологиялық дайындық, музыка, қолданбалы өнер).
3. «Шығармашыл толқын»
Қатысушылар: бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері.
4. «Сабақ аяқталған соң…»
Қатысушылар: сынып жетекшілері, тәрбиешілер және қосымша білім беру орталықтарының педагогтері.
ОЗЫҚ ИДЕЯЛАР – КӘСІБИ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
Педагогикалық идеялар фестиваліне аудан мектептерінен барлық бағыт бойынша педагогтер қатысып, өздерінің тың идеялары мен инновациялық тәжірибелерін ортаға салды.
Қазылар алқасы бекітілген бағалау өлшемшарттарына сәйкес әр бағыт бойынша ұсынылған жұмыстарға талдау жасап, қатысушылардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін бағалады.
Жоғары ұпай жинап, үздік нәтиже көрсеткен төмендегі педагогтер конкурстың облыстық кезеңіне ұсынылды:
1. Нургалиева Айнур Жигиткайровна – «Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Бағыты: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент».
2. Азиева Айжан Жумагазиевна – «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ-нің география пәнінің мұғалімі.
Бағыты: «Шеберлік палитрасы» – жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер.
3. Мұхаметкәрім Қаныш Саятұлы – «Қ. Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі.
Бағыты: «Шеберлік палитрасы» – физика-математика бағытындағы пәндер.
4. Елемесов Ильяс Габдилмаликович – «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Бағыты: «Шеберлік палитрасы» – қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер.
5. Оспанова Балгын Ергалиевна – «Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі.
Бағыты: «Шығармашыл толқын».
6. Дюсембекова Баян Қайратовна – «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
Бағыты: «Шеберлік палитрасы» – қолданбалы цикл пәндері.
7. Серікбеков Жақсылық Серікбекұлы – «Қ. Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі.
Бағыты: «Сабақ аяқталған соң…».
Облыстық кезеңге ұсынылған барлық педагогке сәттілік тілейміз!
Шығармашылық ізденістеріңіз жемісті болып, тың идеяларыңыз бен озық тәжірибелеріңіз жаңа жетістіктерге жол ашсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









