📚 «КІТАП ОҚИТЫН ӘУЛЕТ» – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ!

    📚 «КІТАП ОҚИТЫН ӘУЛЕТ» – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ!

    📗 Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ал отбасымен бірге кітап оқу – ұрпақ тәрбиесінде тағылымы мол игі дәстүр.

    Үштөбе ауылындағы Кунафин Бекболаттың әулеті «Кітап оқитын әулет» бастамасына белсене қатысып, кітапқа деген сүйіспеншілігі мен білімге құштарлығын жоғары нәтижесі арқылы дәлелдеді.

    🏆 Жинаған ұпайы – 1700!

    Бұл нәтиже – бірліктің, ынтымақтың, ізденіс пен оқуға деген ортақ құлшыныстың жемісі. Кітап оқу арқылы отбасы мүшелері өзара пікір алмасып, дүниетанымдарын кеңейтіп, рухани байланыстарын нығайтады.

    Бала кітап оқитын ата-анасын көріп өссе, оның да кітапқа деген қызығушылығы арта түседі. Сондықтан кітап оқу – тек жеке адамның ғана емес, тұтас әулеттің мәдениеті мен рухани құндылығы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары