«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БАЛАБАҚШАДА» АТТЫ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

    1 / 16

    «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БАЛАБАҚШАДА» АТТЫ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

    2026 жылғы 16 қарашада «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында Ақсуат ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жасанды интеллект – балабақшада» тақырыбында озық іс-тәжірибені таратуға арналған аудандық семинар өткізілді.

    Семинардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын көрсету, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және озық іс-тәжірибелерімен бөлісу.

    Семинар қатысушыларды тіркеу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру кезеңінен басталды. Іс-шара шағын орталық тәрбиеленушілерінің жүрекжарды сәлемдесуімен ашылды.

    Семинардың салтанатты ашылуында «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ директоры М. Дүйсенов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдіскері Рахимбаева Куралай Кужахановна семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырып, іс-шара бағдарламасының негізгі бағыттарын айқындады.

    ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ

    Семинар барысында педагогтер жасанды интеллект платформалары мен заманауи цифрлық құралдарды білім беру үдерісінде тиімді қолдану бойынша өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

    Іс-тәжірибе алмасу барысында төмендегі тақырыптар ұсынылды:

    🔹 Педагог-ассистент Тлеубаева Алия Муратжановна – «Google аккаунтын құру және тиімді промпт құрастыру: жасанды интеллект платформасымен жұмыс істеудің бастапқы дағдылары».

    🔹 Әдіскер Баибусинова Гульдана Дюсембаевна – «Google Sheets – педагогикалық мониторингті цифрландыру және білім беру нәтижелерін жүйелеу құралы».

    🔹 Педагог-психолог Абылгазин Қайнар Миратұлы – «Canva платформасы – педагог-психологтің ата-аналармен жұмысын цифрландыру: интерактивті материалдар мен психологиялық тренингтер әзірлеу».

    🔹 Тәрбиеші Кулкаева Индира Шаганбаевна – «Google Vids – жасанды интеллект негізінде бейнематериалдар әзірлеудің инновациялық жолдары».

    🔹 Тәрбиеші Искакова Айдана Қуанышқызы – «Жасанды интеллект көмегімен голографиялық бейнелер әзірлеу: білім беру кеңістігіндегі инновациялық мүмкіндіктер».

    🔹 Тәрбиеші Бакенова Арайлым Баймуханбетовна – «ChatGPT – тәрбиешінің кәсіби қызметіндегі жасанды интеллект мүмкіндіктері».

    🔹 Тәрбиеші Әлімғазина Назерке Мейрамғазықызы – «Gemini – педагогтің шығармашылық және әдістемелік қызметіндегі интеллектуалды көмекші».

    🔹 Тәрбиеші Абыхарова Мейрамгуль Муратовна – «Сиқырлы аквариум: балалар шығармашылығын жасанды интеллект арқылы жандандыру».

    🔹 Қазақ тілі маманы Жубанышева Асемгул Тлепкалиевна – «Storybook AI – жасанды интеллект көмегімен ертегі құрастыру және оны оқу әрекетінде тиімді қолдану жолдары».

    🔹 Тәрбиеші Мукаева Маншук Азатовна – «PowerPoint – интерактивті ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту».

    🔹 Дене тәрбиесі нұсқаушысы Белгибаев Асқар Назарбекұлы – «Cook – цифрлық технологиялар арқылы сергіту сәттері мен қимыл-қозғалыс белсенділігін ұйымдастыру».

    🔹 Жакилина Майгул Кайрановна – «Quiver – толықтырылған шынайылық технологиясы арқылы балалардың боямақтарын 3D форматында жандандыру».

    Семинар барысында қатысушылар заманауи цифрлық платформалардың мүмкіндіктерімен танысып қана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде қолдану жолдарын меңгеріп, өзара пікір алмасты.

    СЕМИНАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ – ТЫҢ ИДЕЯЛАР МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

    Семинардың қорытынды бөлімінде Ақсуат ауданы білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі әдіскері Қ. Рахимбаева сөз сөйлеп, семинар жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қатар іс-шараны ұйымдастырушылар мен өздерінің озық тәжірибелерімен бөліскен педагогтерге алғысын білдірді.

    ✨ Аудандық семинар жоғары деңгейде өтті деп бағаланды!

    Іс-тәжірибелерімен бөліскен барлық педагогке Ақсуат ауданы білім бөлімінің сертификаттары табысталды.

    Бұл семинар – білім мен тәжірибе тоғысқан, тың идеялар мен инновациялық мүмкіндіктерге жол ашқан, педагогтердің кәсіби дамуына серпін берген тағылымды тәжірибе алаңы болды.

    Жасанды интеллект – педагогтің орнын басатын құрал емес, оның шығармашылығы мен кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін заманауи көмекші!

    #АйгөлекШағынОрталығы #АудандықСеминар #ЖасандыИнтеллект #БалабақшадаЖИ #ЦифрлықБілім #ТәжірибеАлмасу

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары