РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ

    1 / 4

    🏆 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНДА АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

    2026 жылғы 21–22 қазан күндері Атырау қаласында 8–11-сынып оқушылары арасында дәстүрлі IV республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

    Ұлттық руханиятты ұлықтау, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлының әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған республикалық байқауда Абай облысының намысын қорғаған Ақсуат ауданының екі оқушысы да жүлделі орындарға ие болды.

    🏆 Республикалық байқау қорытындысы бойынша:

    🥈 «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас ақындар бағыты бойынша «Қ. Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебі» КММ-нің 11-сынып оқушысы Нұрланұлы Бақтияр жүлделі ІІ орын иегері атанды.

    Жетекшісі: Мерекенов Бекзат Думанұлы.

    🥈 «Ел құтқарар ер едім...» Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ-нің 10-сынып оқушысы Базарова Меруерт жүлделі ІІ орынға ие болды.

    Жетекшісі: Сейсенбинова Динара Аскарбековна.

    🎉 Республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп, ауданымыздың абыройын асқақтатқан жүлдегер оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

    Жас дарындарымызға шығармашылық шабыт, білім жолында толағай табыс және алдағы байқауларда жаңа жеңістер тілейміз!

    👏 Жетістіктеріңіз еселеніп, алар асуларыңыз биік болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары