Атырау облысында күзгі каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Үш күн ішінде 172 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды. Оның ішінде 18 дерек ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауына қатысты болса, 140 дерек жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне байланысты тіркелді.
Іс-шара барысында 143 кәмелетке толмаған ішкі істер органдарына жеткізілді.
Құрметті ата-аналар!
Күзгі каникул кезінде балаларыңыздың қайда жүргенін, кіммен бірге екенін және бос уақытын қалай өткізетінін бақылауда ұстаңыздар.
Балаларыңызбен қауіпсіздік ережелері туралы сөйлесіп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз.









