1 / 2
25 қазан - Республика күні мерекесіне орай Атырау облысы полиция департаментінде арнайы салтанатты мерекелік шара өтті. Мерекелік жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция департаментінің жеке құрамы қатысты. Салтанатты шара департамент бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың құттықтау сөзімен бастау алды.
Салтанатты жиын барысында қызметтік міндетін адал атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан бірқатар қызметкерлер «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Ішкі істер министрлігінің алғыс хатымен, облыс әкімінің және департамент бастығының грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Әрі қарай мерекелік концерттік бағдарламаға жалғасқан шарада Департаменттің өнерлі қызметкерлері және Атырау облысының бірқатар өнерпаздары көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.









