BASQARU конференциясы аясында өңірлік кездесу өтеді

    Жергілікті қоғамдастық әлеуетін арттыру жолдары!

    BASQARU конференциясы аясында өңірлік кездесу өтеді. Шара жергілікті өзін-өзі басқару саласы сарапшыларының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

    Кездесудің негізгі мақсаты — жергілікті қоғамдастықтың әлеуетін арттыру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасу.

    Спикерлер жергілікті өзін-өзі басқару салаларының сарапшылары:

    Жанат Нұрғалиев - “Integrity Astana” қорының басшысы, экономист.
    Марғұлан Ермағанбетұлы - BasQaru қорының басшысы, заңгер.

    📅 Уақыты: 28 қазан 2026 жыл, сағат 15:00-де
    📍 Өтетін орны: Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, аудан әкімдігі

    Шет ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын маңызды кездесуден тыс қалмаңыздар! Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары