25-қазан Республика күні құтты болсын!

    Құрметті жерлестер!

    Сіздерді ұлттық рухымызды асқақтатып, мемлекеттілігімізді айшықтайтын ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Бұл күн – егемендігіміздің негізін қалаған қастерлі белес. Осыдан 36 жыл бұрын, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация халқымыздың азаттық жолындағы тарихи таңдауын айқындап берді. Дәл осы тарихи құжат арқылы ата-бабамыздан аманатқа қалған ұлаң-ғайыр жеріміздің шекарасы шегенделіп, рухы биік рәміздеріміз бекітілді. Мемлекетіміздің дербес саяси, құқықтық және экономикалық іргетасы қаланып, төрткүл әлемге терезесі тең ел ретінде таныла бастадық.
    Ата-бабаларымыз аңсаған, аға буынның қажырлы еңбегімен келген бейбіт күн мен тәуелсіздік – біз үшін ең асыл қазына. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Әділетті Қазақстанды құру жолында ауқымды реформалар жүзеге асырылып, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы мен цифрландыру үдерістері арқылы еліміз жаңа қарқынмен дамып келеді.
    Осы ортақ іске Шет ауданының тұрғындары да сүбелі үлес қосып келеді. Жылдан-жылға ауданымыздың экономикалық әлеуеті артып, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында, сондай-ақ инфрақұрылымды жаңарту бағытында жүйелі де ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұның барлығы – сіздердің туған өлкеге деген жанашырлықтарыңыз бен бірлескен еңбектеріңіздің жемісі.
    Қадірлі ағайын!
    Баршаңыздың шаңырақтарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Ел дамуы жолындағы адал еңбектеріңіз жана берсін!
    Байтақ Отанымыз – Қазақстан өркендеп, көк туымыз ашық аспан астында мәңгі желбірей берсін!
    Мереке құтты болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары