25 қазан – еліміздің мемлекеттілігі мен егемендігін айшықтайтын, ұлттық рух пен халық бірлігін дәріптейтін маңызды мереке.
Республика күні – Қазақстанның тәуелсіздікке бастар тарихи жолын бейнелейтін, халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысы мен ортақ құндылықтарын айқындайтын ерекше күн. Бұл мереке әрбір азаматтың Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, ел болашағы алдындағы жауапкершілігін нығайтады.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуі – баршамызға ортақ міндет. Еліміздің жарқын болашағы жолында бірлік пен ынтымақты сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және халыққа адал қызмет ету – әрбір азаматтың парызы.
Елімізге бейбітшілік пен өркендеу, халқымызға амандық пен татулық, әрбір отбасына бақыт пен береке тілейміз! Қазақстанның тәуелсіздігі тұғырлы, халқымыздың бірлігі бекем, Отанымыздың болашағы жарқын болсын!








