Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі·Жаңалықтар мұрағаты
«Шығармашылыққа бастар жол» подкасты
Подкастымыздың қонағы — талантты жазушы әрі музыкалық шығармалардың авторы Олег Файхнер.
Сұхбат барысында ол өзінің шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, туындыларының дүниеге келу тарихымен бөлісті және «Жібек орамал» атты жаңа кітабын таныстырды.
Сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау, авторлық құқықты тіркеу және зияткерлік еңбек нәтижелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әрбір туындының артында автордың қайталанбас тарихы, шабыты мен еңбегі жатыр. Сондықтан шығармашылықпен айналысып қана қоймай, өз туындыларыңды қорғаудың да маңызы зор!
Олег Файхнерге сарқылмас шабыт, тың идеялар және шығармашылық табыстар тілейміз!








