Теректі ауданында «Ашық есік күні» өтті

    Теректі ауданында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің басшысы Алия Тасыбаева Әнесқызы, сондай-ақ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, нотариустар мен заңгерлер қатысты. Кездесу барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, азаматтардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары