16-17 қазан күндері Атырау облысы Полиция департаментінің ресми парақшасында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы тікелей эфирде өтеді.

Тікелей эфир барысында желі қолданушылары қоғамдық және жол қауіпсіздігі, көші-қон заңнамасы бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен жауап ала алады.

Уақыты: 10:00-12:00

Өтетін орны: Атырау облысы ПД-нің ресми парақшасы
Сұрақтарыңыз болса, тікелей эфирге қосылыңыздар!