Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында тиісті мекемелер мен ұйымдарға арнайы ұсынулар енгізіледі.
Ескеріңіз! Енгізілген ұсынулар бір ай мерзім ішінде міндетті түрде қаралуы тиіс. Қабылданған шаралар туралы ұсынуды енгізген органға жазбаша жауап берілуі қажет.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 479-бабына сәйкес, ұсынуды қарау нәтижелері туралы хабарламау немесе тиісті шаралар қабылдамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты мекеме және ұйым басшыларын:
- енгізілген ұсынуларды белгіленген мерзімде қарауға;
- анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нақты шаралар қабылдауға;
- бір ай ішінде жазбаша жауап беруге шақырамыз.
Заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың себептерін жою – баршаға ортақ міндет!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









