1 / 2
Күршім және Марқакөл аудандарына жұмыс сапарым барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарастырдым.
Сапар барысында Күршім аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Қ. Құмарбекқызын аудан әкімінің орынбасары Р. Нұрланұлы мен аудан әкімдігі өкілдеріне таныстырдым. Сондай-ақ, Марқакөл ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңа басшысы А. Арманқызын басқарма ұжымына таныстырдым.
Кездесулер барысында басқарма ғимараттарының қазіргі жай-күйі, жөндеу жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық базасын нығайту және алдағы жұмыс жоспарлары жөнінде пікір алмастық.
Сонымен қатар, екі аудандық басқарманың ұжымдарымен арнайы жиындар өткізіп, саладағы өзекті мәселелерді, алдағы жұмыс бағыттары мен басым міндеттерді талқыладым. Мамандарға қызметтік жауапкершілікті арттыру, жұмысты тиімді ұйымдастыру, мемлекеттік бақылау шараларын сапалы жүргізу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Жаңа басшылар Қ. Құмарбекқызы мен А. Арманқызына жауапты қызметтерінде сәттілік тілеймін! Басқарма жұмысын жүйелі ұйымдастырып, алға қойылған міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін.
Басты мақсатымыз – халық денсаулығын қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









