Олар табылған затты өздеріне қалдыруы немесе оған мән бермей өтіп кетуі де мүмкін еді. Алайда оқушылар адалдық танытып, дұрыс шешім қабылдады.
Атырауда 6 және 7-сынып оқушылары көшеден ішінде шамамен 300 мың теңгесі бар әмиян тауып алып, оны патрульдік полиция қызметкерлеріне тапсырған. Полицейлер ақшаның иесін анықтап, жоғалған қаражатын өзіне қайтарды.
Оқушылардың бұл әрекеті назардан тыс қалмады. Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев Зейнолла Қабдолов атындағы мектепке арнайы барып, оқушылармен кездесті. Ол балаларға адалдығы мен жауапкершілігі үшін алғыс айтып, Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
Заң мен тәртіп тек ережелерді сақтаудан ғана емес, әр адамның адалдығы мен жауапкершілігінен басталады. Оқушылардың бұл әрекеті адамгершілік пен адалдықтың жасқа қарамайтынын көрсетті. Осындай игі істер өзгелерге үлгі болып, өскелең ұрпақтың бойында жақсы қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









