«Жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім сапасын арттыру: ББЖМ-ға дайындықтың тиімді әдістері мен нәтижеге бағдарланған жұмыс» онлайн семинар қорытындысы

    1 / 6

    2026 жылғы 28 қазанда «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім сапасын арттыру: ББЖМ-ға дайындықтың тиімді әдістері мен нәтижеге бағдарланған жұмыс» тақырыбында өткізілген онлайн-семинар барысында ББЖМ-ға дайындықты тиімді ұйымдастыру және жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

    Семинар барысында оқушылардың ББЖМ-ға дайындық кезіндегі біліміндегі олқылықтарды анықтау, тест тапсырмаларын орындау нәтижелерін талдау, күрделі тақырыптармен жұмыс жүргізу және функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, тапсырмалар әзірлеу, тест сұрақтарын құрастыру және оқу материалдарын жүйелеу мақсатында жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.

    Семинар қорытындысы бойынша педагогтер ББЖМ-ға дайындықты жүйелі жоспарлау, білім сапасын арттырудың тиімді әдістерін қолдану және жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде ұтымды пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары