2026 жылғы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысының «Күзгі каникулдық мектеп» жұмыс жоспары аясында қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Авторлық қолтаңба: қосымша білім берудегі бірегей педагогикалық тәжірибе мен инновациялық әдістемелерді тарату» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.
Семинардың мақсаты – білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және білім беру процесін жетілдіруге бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибелерді, авторлық әдістемелер мен инновациялық технологияларды жинақтау және тарату.
Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Өскемен-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК педагогтері өздерінің кәсіби тәжірибелері мен практикалық жұмыстарын ұсынды.
Семинар бағдарламасы қосымша білім берудің түрлі бағыттарын қамтыды. Қатысушылар педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, пәнаралық интеграция арқылы білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сольфеджионы оқытудың авторлық әдістемелері және блокфлейтада ойнауға үйрету тәсілдерімен танысты.
Ұсынылған баяндамалар заманауи педагогикалық тәсілдердің алуан түрлілігін және оларды қосымша білім беру ұйымдарында практикалық тұрғыдан қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.
Семинар соңында пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар ұсынылған әдістемелер мен практикалық шешімдерді талқылады.
Қатысушыларды қамту: 100 педагог.









