Автогаз құю станцияларындағы қауіпсіздік талаптары

    1 / 5

    Маңғыстау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік және Мемлекеттік өрт бақылау басқармаларының қызметкерлері автокөлік жүргізушілері арасында профилактикалық ақпараттандыру шарасын өткізді.

    Бұл бастама өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруге бағытталды. Шара барысында автогаз құю станцияларында тұрмыстық газ баллондарын толтыруға қатаң тыйым салынатыны ескертіліп, көлікте өрт орын алған сәттегі іс-қимыл алгоритмі нақтыланды. Сонымен бірге салалық заңнама нормалары мен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қарастырылған жауапкершілік түрлері мен айыппұл салу негіздері таныстырылды.

    Төтенше жағдайлардың алдын алу мен азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған мұндай жұмыстар тұрақты түрде жүзеге асырылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары