Жарқайың ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

    1 / 4

    Жарқайың ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Державинск қаласында Ишимская көшесінің Московская көшесінен Смағұлов көшесіне дейінгі учаскесінде сыртқы жарықтандыру желісін қосу жұмыстары аяқталды. Жобаны «Меджидов и К» ЖШС жүзеге асырды. Жобаның құны 7,8 млн теңгені құрайды. Жұмыс барысында «АРЭК» АҚ-ға тиесілі жалға алынған 55 тірек пайдаланылды.

    Державинск қаласының әкімі Заур Смағұловтың айтуынша, көше жарықтандыру жүйесін жақсарту - тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.

    «Көшелерді жарықтандыру - тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығының маңызды бөлігі. Біз қала инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын жалғастырып, кешкі және түнгі уақытта көшелерде жүріп-тұруға қолайлы жағдай жасауға басымдық береміз», - деп атап өтті Заур Смағұлов.

    Сонымен қатар, Отрадное ауылдық округіне қарасты Кен ауылындағы Бекет көшесінде күн батареяларымен жұмыс істейтін көше жарығын орнату жұмыстары аяқталды. Жоба аясында автономды жарықтандырудың 5 тірегі орнатылды.

    Жүйе электр желісіне қосылуды қажет етпейді және қараңғы түскенде автоматты түрде іске қосылады. Сыйымдылығы жоғары аккумуляторлармен жабдықталған LED-шамдар 12 сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істейді.

    Аталған жобалар елді мекендерді абаттандыруға, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жарқайың ауданының әкімдігі" жаңалықтары