Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.

    Марапатталғандардың қатарында Жарқайың ауданының Тасөткел ауылының тумасы, «Темірлан» ЖШС директоры Алин Ерлан Кинуарбекұлы бар. Ол көп жылғы адал еңбегі, ауыл шаруашылығын дамытуға және ауылдың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.

    Ерлан Кинуарбекұлы 1999 жылдан бері «Темірлан» ЖШС-ін басқарып келеді. Оның жетекшілігімен шаруашылық егін және мал шаруашылығын қатар дамытып, жемшөп дақылдарын өсіруден бастап, дайын өнімді өңдеу мен сатуға дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастырған.

    Шаруашылықта 400 басқа арналған заманауи сүт-тауар фермасы салынған. Ал ірі қара малдың жалпы саны 1,2 мың бастан асады. Кәсіпорынның жеке сүт цехы тәулігіне 3 мың литрге дейін сүт өңдеп, сүт, қаймақ, айран, сары май және ірімшік өндіреді. Өнімдер Жарқайың және көршілес аудандарда сатылып, жеткізіледі.

    Кәсіпорын туған ауылын дамытуға да ерекше көңіл бөледі. Атап айтқанда, ауылды абаттандыру, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жас мамандарға қолайлы жағдай жасау және ауыл тұрғындарын қолдау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

    Ерлан Кинуарбекұлын жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз! Деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс және туған өлке мен еліміздің игілігі жолындағы жұмысына толағай жетістіктер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жарқайың ауданының әкімдігі" жаңалықтары