Ағымдағы жылы Шет ауданының әкімі шағын кәсіпкерлікті қолдау және жергілікті тұрғындардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту мақсатында гранттар беру бағдарламасын ұйымдастырды.
Гранттық бағдарлама аясында әр елді мекеннен ұсынылған 14 үміткердің жобасы қаралып, комиссия шешімімен 9 жоба жеңімпазы анықталды.
Қолдау тапқан жобалар қатарында жүн иіру, жартылай фабрикаттар өндіру, наубайхана ашу, шағын маркет ұйымдастыру, сүт өнімдерін өндіру және кондитерлік цех ашу бағыттары бар. Аталған жобалар аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға, жаңа кәсіп түрлерін дамытуға және жергілікті халықты жұмыспен қамтуға бағытталған.
25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада Шет ауданының әкімі Мұхит Сайлауұлы Мұхтаров грант иегерлеріне сертификаттарды табыстады.
Грант иегерлерін жеңістерімен құттықтай отырып, бастаған кәсіптеріне береке, мол табыс және толағай табыстар тілейміз!
Шағын кәсіпкерліктің дамуы – аудан экономикасының нығаюына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және тұрғындардың әл-ауқатының артуына жол ашады.
ШЕТ АУДАНЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МАҚСАТЫНДА ГРАНТТАР ТАБЫСТАЛДЫ!
Ұқсас материалдар

Бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялауға жататын шығыстары бар әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы хабарландыру
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыАшу
Мектептерде күзгі демалыс басталды
Жетісу облысы Алакөл ауданы Екпінді ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Atameken Business» телеарнасының Exclusive бағдарламасына Жаңа Конституция және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы заңнамалық өзгерістер туралы айтты.
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ГРАНТТАРЫ
«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММАшу
Республика күні құтты болсын!
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
"Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Visitkaragandakz
Шет ауданының әкімдігіАшу
Visitkaragandakz
Шет ауданының әкімдігіАшу
МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Шет ауданының әкімдігіАшу
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Шет ауданының әкімдігіАшуҚазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Шет ауданының әкімдігіАшу