МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

    Аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылының Мәдениет үйінде – Республика күніне арналған «Қазақ елі – қасиетті тұғырым!» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Мемлекеттілік пен бірлікті айшықтайтын маңызды мереке барысында аудан әкімі М.Мұхтаров аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бір топ азаматқа өз алғысын білдірді. Мереке қарсаңында қоғамдық-саяси жұмыстар мен сайлау жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосқан бірқатар маман ҚР Орталық сайлау комиссиясының медалімен және Алғыс хатымен, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ ауданның өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге «Шет ауданының Құрметті ардагері» атағы беріліп, арнайы медальдар табысталды. Бұдан бөлек, аудан әкімінің қолдауымен коммуналдық, құрылыс, тау-кен және металлургия, ауыл шаруашылығы, банк, әлеуметтік салалардың үздіктері және «Жыл меценаты» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтті. Одан әрі өңірдегі шағын кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындардың кәсіби бастамаларын қолдау мақсатында кондитерлік цех, жүн түту, наубайхана, жартылай фабрикат өндірісі және балабақша ашу сынды жобалардың иелеріне арнайы грант сертификаттары табысталды. Сонымен қатар, ауданның саяси-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер мен түрлі сала мамандары Шет ауданы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын аудан өнерпаздары мен «Арқа үні – 2026» байқауының жеңімпаздары дайындаған мерекелік концертке ұласып, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары