«Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылык, кәсіпкерлік және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 14
23 қазанда Петропавл қаласында халықты қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жылқы еті, сиыр еті, қой еті, құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларына арналған азық өнімдері ұсынылды. Мұндай жәрмеңкелер отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдауға, жергілікті өндірісті дамытуға және халықты қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді.








