ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

    Кәсіби мереке — Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.
    Жиында аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев құттықтау сөз сөйлеп, сала қызметкерлерінің ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегіне алғысын білдірді.
    Халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы мемлекеттік міндеттерді абыроймен атқарып, өз ісіне адалдық танытып жүрген бір топ сала маманына аудан әкімінің “Құрмет грамотасы” мен “Алғыс хаттары” тапсырылды.
    Барша әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары