1 / 4
Іс-шара барысында үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Анна Геннадьевна Стрымбовская қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
Адал еңбегі мен әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерге Жарқайың ауданы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Мерекелік кездесу жылы әрі достық атмосферада өтіп, халыққа қолдау көрсетіп, қамқорлық танытып жүрген мамандарға құрмет білдірілді.









