Жарқайың ауданында Республика күні аталып өтті

    1 / 6

    Аудандық мәдениет үйінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Жарқайың ауданы әкімінің м.а. Д. Сыздықов аудан әкімі Е. Жүсіпбековтің атынан тұрғындарды мерекемен құттықтап, бірқатар азаматқа марапаттар табыстады.

    Салтанатты шарада Ақмола облысының әкімі М. Ахметжановтың Алғыс хаттары, «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалі, «Еңбек ардагері» медалі, «Жарқайың ауданының Құрметті азаматы» атағы, Державинск қаласының 60 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

    Іс-шара аясында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған азаматтар ант беріп, оқушыларды «Жас ұрпақ» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Мереке аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жарқайың ауданының әкімдігі" жаңалықтары