Республика күні қарсаңында Ақордада өткен салтанатты рәсімде Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының әкімі Сәуле Төлегенқызы Сәухимова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды.

    Бұл – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегіне берілген жоғары баға.

    Сәуле Төлегенқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Ел игілігі жолындағы қызметіңізге толағай табыс тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жарқайың ауданының әкімдігі" жаңалықтары