Бидайық және Ақтүйесай ауылдарында «Рухани келісім - қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің негізі» тақырыбында ауыл тұрғындарымен ақпараттық кездесулер өткізілді.
Кездесулердің модераторы - «Жас Отан» қоры» корпоративтік қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша директоры Қайроллаев Абылайхан Айқынұлы.
Спикер - Дін істері басқармасының «Дін мәселелері жөніндегі талдау және дамыту орталығы» КММ-нің конфессияаралық қатынастар мәселелері бойынша теологы Беков Нұрсұлтан Садуович.
Кездесулер барысында рухани келісімнің қоғамдағы маңызы, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, конфессияаралық татулықты нығайту және өзара құрмет пен түсіністікті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Спикер қатысушыларға тақырып аясында ақпарат беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға тақырыптық ақпараттық буклеттер таратылды.
Рухани келісім - қоғамдағы бірлік пен татулықтың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі.









