Қарттар айлығы аясында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетілді

    Қарттар айлығы аясында бөлім мамандары ауданымыздағы аға буын өкілдерінің үйлеріне арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап қайтты.

    Кездесу барысында мамандар қарияларға ізгі тілектерін білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Сонымен қатар, ақыл-кеңесімен кейінгі ұрпаққа жол көрсетіп, елдің дамуына өз үлестерін қосқан ардақты жандарға алғыстарын жеткізді.

    Үлкенге құрмет көрсету, олардың жағдайына көңіл бөлу және ақ батасын алу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Осындай кездесулер аға буын өкілдеріне деген ілтипатты арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ" жаңалықтары