Бакудағы қайырымдылық жәрмеңкесінде Қазақстан павильоны таныстырылды

    1 / 3

    Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі Бакуда дипломатиялық миссиялар басшылары жұбайларының қауымдастығы ұйымдастырған қысқы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.

    Іс-шараға 25-тен астам елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері қатысты. Қатысушылар өз елдерінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін бейнелейтін ұлттық тағамдар мен тәттілерді, кәдесыйлар, киім-кешек, әшекей бұйымдары, кітаптар және басқа да ұлттық нақыштағы бұйымдарды ұсынды.

    Қазақстан павильонын Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісінің жұбайы Әсемгүл Байел бастаған Елшіліктің әйелдер ұжымы таныстырды. Жәрмеңке қонақтарына қазақстандық Апорт алмалары, «Қазақстан» шоколады, бауырсақ, құрт, кәдесыйлар мен ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі қазақ киімдерінің үлгілері ұсынылды.

    Қайырымдылық жәрмеңкесінен жиналған барлық қаражат мұқтаж жандарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуге бағытталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары