Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі

    Елшілік туралы

    Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

    Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі 1994 жылғы желтоқсанда ашылды. 2023 жылғы 18 сәуірден бастап Ә.Д. Байел Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшісі болып табылады.

    Сайт қалың жұртшылықты Бакуде орналасқан дипломатиялық өкілдіктің қызметімен таныстыру, Әзербайжанда тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына, сондай-ақ Қазақстанға турист ретінде баруға немесе елмен іскерлік байланыс орнатуға ниет білдірген шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында ұсынылып отыр.

    Қазақстан Республикасының Елшілігі

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Абик Жексен мен ManEl-дің концерті

    2025 жылғы 30 қарашада сағат 15:00-де қазақтың дарынды музыкант-композиторы Абик Жексен Баку қаласындағы Үзейір Хажыбейлі атындағы Әзербайжанның мемлекеттік музыка академиясында кештің арнайы қонағы – қазақ-әзербайжан әншісі ManEl-мен бірге өнер көрсетеді. Абик Жексен қазақ эстрадасының жетекші әртістеріне арнап гитара партияларын жазуда. Ол Димаш Құдайберген, Сәкен Майғазиев, МузАрт, Әли Оқапов, Кентал, Төреғали Төреәлі, Нұржан Керменбаев секілді орындаушылармен жұмыс істейді. Чайковский атындағы музыкалық колледжінде (Алматы қ.) және Баку музыка академиясында білім алған жас әнші әрі әндер авторы ManEl (Көнүл Мамедова) «Әзербайжан дауысы» және «Баку күзі» жобаларындағы өнерімен тaнымал. Концерт бағдарламасында қазақ, әзербайжан, ағылшын және орыс тілдеріндегі әндер бар. Билеттерді iTicket.az сайтынан сатып алуға болады: https://iticket.az/ru/events/concerts/abik-jeksen-and-manel-/174261.

    26 қараша 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Астана халықаралық форумы

    2025 жылғы 29-30 мамырда Астана қаласында Астана халықаралық форумы (Astana International Forum) өтеді. Форум қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жоғары дәрежелі үкімет делегаттары мен бизнес-көшбасшыларды жинайды. Толығырақ: https://www.astanainternationalforum.org/ AIF2025-ке тіркелу Кітапшаны жүктеп алу

    29 мамыр 2025 ж. – 30 мамыр 2025 ж.Тікелей
    Конгресс-центр, г. Астана